Әлем футболы

Германия чемпионаты аяқталды. Қорытынды нәтижелер

Германия чемпионаты аяқталды. Қорытынды нәтижелер
news-banner7
mobile-news-top

Германия Бундеслигасының 2021/22 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Маусым қорытындысында «Бавария» тағы да чемпион атанды. Мюнхендік команда қатарынан он жыл бойы чемпиондық атақты ешкімге берер емес. Биыл 34 ойында 77 ұпай жинап, 97 гол соқты. Екінші орындағы дортмундтық «Боруссиядан» 8 ұпайға озып кетті.

Келер маусымда Чемпиондар лигасына «Бавариядан» бөлек дортмундтық «Боруссия» (69 ұпай), «Байер» (64) және «РБ Лейпциг» (58) командалары қатысады.

«Унион Берлин» (57 ұпай) мен «Фрайбург» (55) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алса, «Кельн» (52) Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Көш соңында қалған «Гройтер Фюрт» пен «Арминия» Екінші Бундеслигаға түсіп қалды. Ал «Герта» чемпиионаттағы орнын сақтап қалу үшін өтпелі матчқа қатысады.

Үздік сұрмерген атағы «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовскиге бұйырды. Польша құрамасының шабуылшысы қатарынан 5-рет (жалпы 7 рет) Бундеслиганың үздік мергені атанып отыр. Осы маусымда ол 35 гол соқты.

Ал ең көп нәтижелі пас шығарған - Томас Мюллер. Германиялық ойыншы 18 ассистент жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер