Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіске жетті
Ыстамбұлда (Түркия) бокстан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 1/16 финалда ол румыниялық Клаудия Нечитамен кездесті. Карина төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, бүгін Аида Әбікеева 2022 жылғы әлем чемпионатының күндізгі сессиясында, Надежда Рябец кешкі сессиясында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или