Ерболат Рүстемов: Тең дәрежелі ойын болды
"Мақтаарал" ойыншысы Ерболат Рүстемовтің "Ақжайық" қарсы матч туралы пікірі.
- Бірінші кезекте қарсыластың жақсы дайындалғанын айтып өткім келеді. Ойындары өте ширақ. Бізде олар үшін оңай қарсылас емеспіз. Матч тартысқа толы ойын болды. 1-таймда гол соғатын сәттерді пайдалана алмадық. Командада бір ойыншының жетіспегені өзімізге де байқалды. Ахматовтың алаңнан қуылғанына қарамастан, Ақжайықпен бірдей ойнадық. Тең дәрежелі ойын болды. Қорытынды да соған сәйкес тең аяқталды. Бастысы ойынның нәтижесіне қанағаттанамын.
- Оралға жетем дегенше ұзақ жол жүрдіңдер. Шаршау ойынға әсер етті ме?
- Расыменде Шымкенттен Оралға ұшатын ұшақ өз уақытынан әлде қайда кешікті. Біраз уақытымызды күтумен жоғалтып алдық. Шаршағанымыз рас. Бірақ алаңға шыққаннан кейін барлық шаршауымызды ұмытып команданың намысы үшін ойнадық. Бұл үшін жігіттерге рақмет айтамын!
- Ахматовқа берілген қызыл қағаз қаншалықты орынды?
- Ол сәтті қайтадан көру керек. Жақсылап көрмей ештеңе айталмаймын. Менімше Расамбек шабуылды тоқтатуға әрекет жасады. Соған байланысты 2-ші сары қағаз көрсетілді. Сол себепті төрешінің шешімі дұрыс деп ойлаймын.