Ж.Үшкемпіров спорт үшін 15 жыл бойы нан жемегенін айтты

Ж.Үшкемпіров спорт үшін 15 жыл бойы нан жемегенін айтты

Бүгін грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының чемпионы, қазақтан шыққан алғаш Олимпиада чемпиондарының бірі Жақсылық Үшкемпіров Шымкентте оңтүстікқазақстандық студент жастармен кездесу өткізіп, арманға жетудің жолдарымен бөлісті.

Қазіргі таңда Жақсылық Үшкемпіров шәкірт тәрбиелеп, Қазақстандағы спорт саласының дамуына үлесін қосып келеді. Әлем чемпионы студенттердің қойған сауалдарына ыждахатпен жауап берді. Мақсатына жетуі үшін түрлі тәуекелдерге де барғанын айтты.

Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу олимпиадасының чемпионы:

- Өзім кезінде аш жүріп күрескен кезім болды. Мен тамақтың дәмін ғана біліп жүрдім. 15 жыл бойы нан жеген жоқпын, тек өзге тамақтарды тұтындым. Мұның барлығы семіріп кетпеуім үшін, салмағымды тұрақты ұстап тұру үшін жасалды. Ал, Кеңес Одағы заманында сәл ғана салмағың асып кетсе, бітті, сайыстарға қатыстырмайды. Өзге де үміткерлер толып жатыр, «Мен чемпион боламын! Жоқ, мен чемпион боламын!» деп өзге де одақтас республиканың жігіттері таласқа түсетін. Сол бәсекелестікті болдырмас үшін, өзім жеңімпаз болу үшін осындай тәуекелдерге бардым. Қазір мұны айтуға оңай, бірақ ол кезде бұл мен үшін үлкен мәселе болды. Мен жағдайды тек жетістікке жету арқылы жеңілдетіп отырдым.

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері қазір кәсіпкерлік салаға бет бұрған. Ірі қара мал шаруашылығына ден қойған. Спорт шебері өзінің бұл ісі ата кәсіпті жалғау ғана емес, қоғамда жұмыссыздардың қатарын да азайту екенін айтады.

Baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или