Дәулет Ниязбеков – Азия чемпионы!
<p>
<strong>Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Катарда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.</strong></p>
<p>
61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз алғашқы кездесуінде пәкістандық Хуссейн Мудассарды тізек бүктірді. Одан кейін Қырғызстаннан барған Әділет Маматаевты 9:0 есебімен жерге қаратты. Жартылай финалда Дәулет Ниязбеков моңғолиялық Номин Батболдтан басым түсті. Шешуші бәсекеде Иран елінің өкілі Бэхнам Иснаг Эхсанпурді жеңіп, жеңіс түғырына көтерілді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или