«Қайрат» «Ертістен» басым түсті

«Қайрат» «Ертістен» басым түсті

Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық ойындарында алматылық «Қайрат» өз алаңында керекулік «Ертісті» қабылдап, пенальти сериясында жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші таймда аса қауіпті сәттер бола қойған жоқ. Екі команда бір-бірін аңдысып, осал тұсын іздеумен болды. Жарақатынан айығып, командаға қайта қосылған Момоду Сисей өз ойынын жоғалтып алғандай. Алаңға бірінші минуттан шықты. Бұрыштама добы орындалған сәтте Маркович есеп ашқанымен, бұл голды төрешілер есепке алмады. Ойыннан тыс қалды.

Ойынның екінші бөлігінде алаң иелері допқа иелік етуде белсенділік танытты. Сол қапталдан Зәуірбек Плиев шабуылға араласып тұрды. Бірақ біраз қателіктерге бой алдырды. Вайсстың «джокері» Жерар Гоу алаңға шыққаннан бастап, шабуыл шебі қыза бастады. Исаэльдің бағыттаған соққылары қақпадан биік кетіп жатса, Плиевтің тепкен добы бағанадан кері серпілді.

Экстра-таймда қос ұжым тағы тең тарқасып, жеңімпазды футбол лотореясында анықтамаққа жүгінді.

Пенальти сериясын бірінші болып Жерар Гоу орындап, есепті ашты – 1:0. Аристид Бансенің соққысын Плотников қайтарды. Исаэль өзіне берілген мүмкіндікті мүлткісіз орындады – 2:0. Симеон Булгарудың соққысына Плотников керемет сейвпен жауап берді. Бауыржан Исламхан жанкүйерлерін жерге қаратпады – 3:0. Изу Азука есепті қысқарта білді – 3:1. Матчтың нүктесін Алан Дарабаев қойды – 4:1.

Қазақстан Кубогі. 1/8 финал.

«Қайрат» - «Ертіс» 0:0 (0:0); қосымша уақыт 0:0 (0:0); пен. 4:1

«Қайрат»: Плотников, Қуантаев (Гоу 67), Рудосельски, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исламхан, Исаэл, Сисей (Ли 77), Сержиньо (Дарабаев 86).

«Ертіс»: Калмыков, Есимов, Граф, Чернышов, Сартаков, Ерсалимов (Булгару 87), Алиев (Сүлей 101), Гетериев, Игнатьев (Гатагов 68), Азука, Бансе.

Төрешілер: Игорь Чесноков (Өскемен), Евгений Бельский (Тараз), Исламбек Орынбаев (Шымкент).

Қосымша төреші: Серік Қошқаров

Инспектор: Николай Бублинский

Ескертулер: Исаэль 16, Чернышов 16, Ерсалимов 33

29.04.2015. Алматы, «Орталық стадион».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или