Алексей Ни: «Нұрсұлтан Назарбаев – тұрақтылық кепілі»

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың спорттың дамуына үлкен көңіл бөлетінін айтты. Бапкер Қазақстан Президентінің көрегенділігі мен оның әлемдік саяси аренадағы мәртебесін атап өтті.

«Мен тұрақтылыққа ризамын. Нұрсұлтан Әбішұлы Мемлекет басшымыз болып қалды. Ұлықтау рәсімінің бірден сайлаудан кейін өтіп, оның заңды түрде Президент болғаны жақсы. Біз, спортшылар оның азамат ретіндегі қолдауын әрдайым сеземіз. Нұрсұлтан Назарбаев бізді Олимпиадаға, барлық ірі жарыстарға шығарып салып, қарсы алады. Ол бізге әрдайым көңіл бөліп жүреді. Сондықтан болар біз өзімізді мемлекеттің бір бөлшегі ретінде сезініп, еліміздің атынан халықаралық жарыстарға қатысамыз. Біз халық алдында және Нұрсұлтан Әбішұлының алдында үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Ол жай ғана Президент емес, өз басым қатты сыйлайтын адам», - деді Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или