Теннис

«Үлкен дулыға» турнирінде 18 рет жеңімпаз атанған теннисшіден қатерлі ісік табылды

«Үлкен дулыға» турнирінде 18 рет жеңімпаз атанған теннисшіден қатерлі ісік табылды

2021 жылдың соңында америкалық теннисші Крис Эвертке аналық без обырының бастапқы кезеңі диагнозы қойылды. Операциядан кейін Эверт химиотерапияның 6 курсынан өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Мен өте бақытты өмір сүрдім. Енді біраз қиындықтан өтуім керек. Бірақ мен химиотерапия қатерлі ісіктің қайта оралмауы үшін жасалатынын ойлап жұбатамын. Әрқашан өмірін бақылауда ұстайтын адам ретінде химиотерапия қалай әсер ететінін білмеймін», - деп келтіреді Кристің сөзін ESPN.

Эверт карьерасында «Үлкен дулыға» турнирінде 18 рет жеңімпаз атанған, оның ішінде 7 рет «Ролан Гарроста» және 6 рет US Open турнирінде топ жарған. Сондай-ақ ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің жұптық сайысында 3 рет жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0