Қазақстандық футболшы «Бешикташқа» қарсы матчқа қатысты

Қазақстандық футболшы Александр Меркель өнер көрсететін «Газиантеп» Түркия чемпионатының 21-турында сырт алаңда «Бешикташпен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бельгиялық шабуылшы Миши Батшуайи 67-минутта гол соқты.
Меркель кездесудің 82-минутында алаңға шықты. Қазақстан құрамасының 29 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы үшін бұл жарақатынан айыққандағы төртінші матч болды.
21 ойыннан кейін Газиантеп 31 ұпаймен лига кестесінде сегізінші орында тұр. «Бешикташ» 32 турнирлік ұпай жинап, алтыншы қатарға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или