Бокс

Әлімханұлы 2021 жылды қорытындылады

Әлімханұлы 2021 жылды қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) 2021 жылды қорытындылап, мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады.

«Аллаға шүкір, 2021 жыл біздің команда үшін берекелі жыл болды. Екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын жеңдік. WBO тұжырымы бойынша чемпиондыққа міндетті қарсылас атандық. Бұл біз үшін тарих. Бұйыртса келер жылы әлем чемпионы атанып, әлемді шулатамыз! Жеңісте, жақсылықта жүздесейік!», - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global титулын сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер