«Қайрат» Конференциялар лигасында өз алаңында бірде-бір мәрте жеңбеді

«Қайрат» Конференциялар лигасында өз алаңында бірде-бір мәрте жеңбеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» Конференциялар лигасы топтық кезеңінің 5-турында өз алаңында швейцариялық «Базельді» қабылдайы, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматылықтар плэй-офф кезеңінің жолдамасынан қағылды, алайда еурокубоктың топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізуге барыншы тырысаты. Бірақ Құрбан Бердыев шәкірттері соңғы сәтте қарсыласына есе жіберді.

Есепті алғашқы таймда Вагнер Лав ашқан. Алайда ойынның бірінші бөлігі аяқталар тұста Кабрал таразы басын теңестірді. Екінші таймда Оганесян «Қайратты» есепте алға шығарғанымен, Жегрова мен Касами соққан екі гол «Базельге» үш ұпайды сыйлады.

Конференция лигасы. Н тобы. 5-тур.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Базель» (Базель, Швейцария) – 2:3 (1:1)

Голдар: Вагнер Лав 23 (1:0), Кабрал 45 (пенальтиден – 1:1), Оганесян 56 (2:1), Жегрова 69 (2:2), Касами 73 (2:3)

Алаңнан қуылды: Вороговский 90+3 («Кайрат»)

Төрешілер: Кикачеишвили (Грузия)

25 қараша. Алматы. «Орталық» стадион.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер