UFC Жұмағұлов - Капе жекпе-жегін жариялады

UFC Жұмағұлов - Капе жекпе-жегін жариялады

Ultimate Fighting Championship қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жако» UFC Vegas 44 турнирінде октагонға оралады! 5 желтоқсанда Жалғас Манель Капемен кездеседі», – деп жазды UFC-дің ресейлік парақшасы.

Манель Капе – анголалық файтер. Кәсіпқой рекорды - 16 жеңіс пен алты жеңіліс. Ал UFC аясында бір мәрте жеңіп, екі рет жеңілген. Кейінгі жекпе-жегін 7 тамызда Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды бірінші раундта нокаутқа түсірген. 

Жалғас Жұмағұловтың да UFC-де бір жеңіс, екі жеңілісі бар. 33 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде өткізген. Сол кездесуде америкалық Джером Ривераны екінші раундта сабмишнмен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или