Бокс

Жапониялық боксшы Головкин - Мурата жекпе-жегіне болжам жасады

Жапониялық боксшы Головкин - Мурата жекпе-жегіне болжам жасады
news-banner7
mobile-news-top

Жапон боксшысы Нобухиро Исида отандасы Риота Мурата мен қазақстандық Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жекпе-жек 29 желтоқсанда өтеді.

«Головкиннің жасы ұлғайған сайын шеберлігі нашарлағаны туралы жиі айтылады. Бірақ менің ойымша, ол көп өзгерген жоқ. Мені жеңген жекпе-жек пен «Канелоға» қарсы екінші кездесуде іс жүзінде ешқандай айырмашылық болған жоқ.

«Канеломен» спаринг өткіздім, бірнеше әлем чемпиондарымен, соның ішінде Головкинмен жұдырықтастым. Солардың ішінде «Канело» мен Головкиннің қабілеті ерекше болды.

Мурата мен Головкиннің бірі нокаутқа түскенін елестете алмаймын, сондықтан жеңімпазды төрешілер анықтай деп ойлаймын. Головкинмен жұдырықтасқанда маған соққы мен физикалық тұрғыда қиын болды. Муратаны алда қиын кездесу күтіп тұрғаны сөзсіз, бірақ менің ойымша, жеңіске жетуге мүмкіндігі бар», - деді Исида New Akind Center басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2013 жылы өткен жекпе-жекте Головкин Исиданы үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер