Головкин Уордтан қашқан ба? Промоутер жауап берді
Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкинге Андре Уорд жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Твиттер қолданушыларының бірі GGG Уордтан әдейі қашқақтады деп жазған. Бұған жауап ретінде журналист Стив Ким қазақстандық боксшы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Лемьемен жекпе-жекті жоспарлап қойған кезде Уорд Головкинмен жұдырықтасуға ниет білдіргенін еске салды.
«Бұл таза шындық. [Уордтың] сол «ұсынысы» біз Лемьемен жекпе-жекті хабарлап қойғаннан кейін келді. Сол кезде GGG ол жекпе-жекте жеңсе, Котто — Канело кездесуінің жеңімпазымен шығатын еді. Орта салмақтағы бұл кездесулер маңыздырақ болды, мұны «ұсынысқа» жауап бергенде айттым», - деді Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или