русский язык

«Қайрат» «Карабахқа» тағы да есе жіберді

«Қайрат» «Карабахқа» тағы да есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Конференция лигасы топтық кезеңінің 4-турындағы «Қайрат» пен «Карабах» арасындағы матч әзербайжандықтардың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда өткен матчтың бірінші таймында футболшылар есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін жанкүйерлер үш гол көрді. Өкінішке қарай, оның екеуін қонақтар соқты.

58-минутта Ибрахима Ваджи есеп ашып, әзербайжандықтарды алға шығарды. Араға он минут салып, Канте есепті теңестірді. Бірақ 72-минутта Абделла Зубир көзге түсіп, «Карабахқа» жеңіс сыйлады.

Осылайша, алматылық клуб Конференция лигасында қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін швейцариялық «Базель» мен осы «Карабахқа» жол берген еді. «Қайрат» осы жеңілістен кейін бір ұпаймен үшінші орында тұр. Ал әзербайжандық клуб бірінші орынға шықты.

Енді алматылықтар Конференция лигасындағы келесі матчын 25 қарашада өз алаңында «Базельге» қарсы өткізеді.

Конференция лигасы. Н-тобы. 4-тур.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Карабах» (Агдам, Әзербайжан) – 1:2 (0:0)

Голдар: Ваджи 58 (0:1), Канте 68 (1:1), Зубир 72 (1:2)

Төреші: Мунтяну (Молдова)

4 қараша. Алматы. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;