Әлем футболы

Эль-Класико: «Барселонаның» үш негізгі ойыншысы матчқа қатыса алмайды

Эль-Класико: «Барселонаның» үш негізгі ойыншысы матчқа қатыса алмайды
news-banner7
mobile-news-top

Испания Ла лигасының 10-туры аясында «Барселона» мен «Реал Мадрид» командалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Биылғы маусымдағы алғашқы Эль-Класикоға «Барселонаның» бірнеше маңызды ойыншысы қатыса алмауы мүмкін.

Атап айтқанда, жарақатына байланысты қорғаушы Рональд Араухоның бұл ойынға қатыса алмайтыны анық. Ал жартылай қорғаушы Педридің де жарақаты толық жазылған жоқ.

Оның үстіне Чемпиондар лигасы аясындағы «Динамо Киевке» қарсы ойында қорғаушы Жорди Альба да жарақат алып қалды. Оның да Эль-Класикоға дайын болатын-болмайтыны қазірше белгісіз.

Айта кетейік, матч 24 қазан күні Барселонада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер