«Бавария» футболшысы темір торға тоғытылуы мүмкін

АS мәліметінше, «Бавария» Лукас Эрнандес заңды бұйрықты бұзды деп айыпталуда. Оған жазасын өтейтін орынды таңдау үшін 19 қазанда Мадридке келуге бұйрық берілді.
Футболшының адвокаттары қазірдің өзінде апелляциялық шағыммен айналысып жатқаны хабарланды. Егер Эрнандес адвокаттарының әрекеті нәтиже бермесе, Лукас бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2017 жылы Лукас Эрнандес өзінің сүйіктісіне шабуыл жасады деген айып тағылды. Содан кейін оған қызға жақындауға тыйым салынса да, бірақ Лукас онымен бірге демалысты өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или