Бокс

«Сүйегі сынған». Фьюриге қарсы жекпе-жектен кейін Уайлдерге ота жасалады

«Сүйегі сынған». Фьюриге қарсы жекпе-жектен кейін Уайлдерге ота жасалады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдерге Тайсон Фьюримен жекпе-жектен кейін ота жасалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Фьюриге қарсы үшінші жекпе-жек кезінде Уайлдер қолын жаралаған, соған ота жасалады.

Бұл туралы боксшының менеджері Шелли Финкель мәлімдеді.

«Деонтей қолын сындырып алды, келесі аптада бұл мәселені шешуі керек», - дейді Финкель. - Оған ота жасалады, буыны қалыпта, сүйек буынның артынан сынған. Қолы ауырады, бірақ өзі жақсы, кеше үйде болды».

Менеджердің айтуынша, Уайлдер 2022 жылдың көктемінде рингке оралады: «Ол сауығып жатыр, егер бәрі реттелсе, операциядан кейін ол рингке келесі жылдың ортасында, сәуір-мамырдан кейін оралуы мүмкін».

Уайлдер Фьюриге қарсы үшінші жекпе-жектің 11-раундындта нокаутқа түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер