Бокс

Sky Sports сарапшысы Головкинді жеңе алатын боксшыны атады

Sky Sports сарапшысы Головкинді жеңе алатын боксшыны атады
news-banner7
mobile-news-top

Sky Sports телеарнасының сарапшысы Джонни Нельсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жеңе алатын боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сарапшының ойынша, Головкинді ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк (30-2, 22 КО) жеңе алады.

«Головкин Юбэнкпен жұдырықтасуға тағы да тырысуға міндетті. Крис жақсарғанын көрдім, бұрын ондай емес еді. Нәтижесінде, ол рингке шығып, Головкинді жеңеді деп болжауға болады», - деді Нельсон.

Еске салайық, Головкин мен Юбэнк 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, алайда ұлыбританиялық боксшы мен оның командасы GGG-мен келісе алмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер