Бақтияр Артаев қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады

Бақтияр Артаев қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасындағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады

Қазақстан Республикасының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, біз Токио Олимпиадасында нашар ойын көрсеткеніміз үшін кешірім сұраймыз. Алдағы кезеңде талдау мен жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Келесі Олимпиадада біз бұрынғы нәтижелерімізге қайта оралып, жақсы нәтиже көрсететінімізге сендіргім келеді. Қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет!», - деді Бақтияр Артаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Бас Ассамблеясының отырысында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или