Ибрагимович 24 маусым қатарынан гол соқты

Ибрагимович 24 маусым қатарынан гол соқты

Италия А сериясының 3-туры аясында «Милан» өз алаңында «Лационы» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында бір гол соққан «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович тағы бір үздік көрсеткішке қол жтекізді.

Ибрагимович 24 маусым бойы үзбей гол соғып келе жатқан ойыншы атанды.

Сондай-ақ, ол Италия А сериясында гол соққан ең егде жастағы шетелдік футболшы ретінде тарихқа енді.

Швециялық шабуылшы алғаш рет 1999 жылы өз елінің чемпионатында («Мальмё») гол соққан. Содан бері бірнеше елдің чемпионатында өнер көрсетіп, жыл сайын мергендік танытып келеді.

Жақында 40 жасқа толатын футболшы қазірге дейін 565 гол соқты.

Златан «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Лос-Анджелес Гэлакси» қатарлы командаларда өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или