«Сергей Малыйдың допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен жоқ»

«Тобыл» футбол клубы қорғаушы Сергей Малыйдың допинг-тесті оң нәтиже көрсеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
«Кейбір әлеуметтік желілерде Сергей Малыйдың допинг-тестілеуден өтпегені туралы ақпарат тарады.
«Тобыл» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Руслан Валиуллин секілді Сергей Малыйдың допинг-сынамасы «Жилина» - «Тобыл» қарымта матчынан кейін алынды. Сергей Малыйдың тест нәтижесі теріс. Қазір Қазақстан құрамасының қорғаушысы клубпен бірге.
«Тобыл” ФК ресми дереккөздерге ғана сенуге және клуб сайтындағы, біздің әлеуметтік желілердегі барлық ақпаратқа сүйенуге шақырады», - делінген хабарламада.