Қазақстан жастар құрамасы Даниядан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы Даниядан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Данияны қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Бастапқы құрам келесідей болды:

Қазақстан U-21: Устименко, Кәшкен, Жұмаханов, Широбоков, Совет, Сағнаев, Астанов, Скворцов, Нұрбол, Жұмабек, Кеңесов;

Дания U-21: Германсен, Кристиансен, Винтер, Хауснер, Карстенсен, Джергаард, Френнруп, Йенсен, Вик, Фагир, Исаксен.

Матчтың бірінші таймында қазақстандық футболшыларда 3-4 тамаша мүмкіндік болғанымен, Қайрат Нұрдәулетов командасы мүлт кетіп жатты. Арман Кеңесов пен Эльхан Астанов Дания қақпасына жиі қауіп төндірді.

Екінші таймда дат футболшылары ойын тізгінін қолға алды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сағи Совет алаңнан қуылған соң, бірнеше секундтан кейін Виллиам Вик есеп ашып, матчтағы жалғыз голды соқты.

Қазақстан U-21 — Дания U-21 0:1 (0:0)

Гол соққан: Вик 78 (0:1)

Алаңнан қуылды: Совет 78.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер