Бахтиер Зайнутдинов: Танцмал футболшыларды жеңіп, желпінсек деген ойымыз бар

Бахтиер Зайнутдинов: Танцмал футболшыларды жеңіп, желпінсек деген ойымыз бар
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрама командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойын алды баспасөз мәслихатына қатысты.

- Босния құрамасы өте мықты командалардың қатарына жатады. Олардың футболшылары Еуропаның топ чемпионаттарында өнер көрсетіп жүр. Мысалы, Эдин Джеко мен Миралем Пиянич жер жаһанға танымал аяқдопшылар. Сондықтан да, біздің оларды жеңгіміз келетіні жасырын емес. Осындай командаларды ұтып, өзіміздің жақсы футбол ойнай алатынымызды дәлелдегіміз келеді. Сондықтан да, ертеңгі ойында барымызды саламыз. Матчты тағатсыздана күтіп отырмыз.

- Босния құрамасы сапында қай ойыншымен таныссыз, бәлкім бірге ойнаған да шығарсыз?

- Мен Босния ойыншысы Хаджикадуновичті жақсы танимын. Біз ол екеуміз Ресейдегі «Ростов» футбол командасында бірге ойнадық. Деннис Швецияда туып-өскен мықты футболшы. Ертең ойында онымен кездесетін шығармын.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер