«Біз Қазақстанды жеңбекпіз». Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері алдағы матч туралы ойын айтты

«Біз Қазақстанды жеңбекпіз». Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері алдағы матч туралы ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Босния және Герцеговина құрамасының шабуылшысы Ивайло Петев Қазақстанға қарсы алдағы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport1 сайтына сілтеме жасап.

«Біз Қазақстанды жеңбекпіз. Егер баяу қимылдасақ, олармен ойнау қиындау болады. Жылдам және агрессив ойнасақ, бәрі өзімізге байланысты. Қандай жүйемен ойнайтынымызды әзір айта алмаймын. Қазақстанға қарсы матчта да бес қорғаушымен ойнауымыз мүмкін.

Сейсенбіде жанкүйер көп болады деп ойлаймын. Бізге қолдау керек», - деді Петев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер