Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Талғат Байсуфинов шәкірттерінің кезекті қарсыласы Финляндия құрамасы. Матч сырт алаңда өтеді.

Бұл кездесуге дейін екі құрама да 2 ұпайдан жинады. Бірақ финдер бір матч кем өткізген. Финляндия да, Қазақстан құрамалары да жеңіске жетсе, турнирлік кестеде едәуір жоғарылайды.

Бұған дейін Қазақстан мен Финляндия құрамалары 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездескен. Ол кезде қазақстандық футболшылар екі рет ұтылды (Алматыда 0:2 және Тампереде 1:2).

Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфиде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер