12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан әлем кубогы өткен.

«Әлем кубогына 1-20 тамызда Tornelo.com платформасы арқылы іріктелген жас шахматшылар қатысты. Соның бірі – атыраулық Зарина Нұрғалиева. Спорт шеберлігіне үміткер санатын иеленген шахматшы 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста қола жүлдеге ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или