«Тұран» командасының бас бапкері: Командамыз жаңа ойыншылармен толығуда

«Тұран» командасының бас бапкері: Командамыз жаңа ойыншылармен толығуда
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» бас бапкері Абдухалық Бөрібаев команданы құрамы жайлы сөз қозғады.

- Біраз уақыттан бері футболдан Ел чемпионатында үзіліс орын алды. Біраз футболшылар жарақат алғандарын білеміз. Енді олардың жағдайлары қалай?

- Иə, өткендегі демалыстан соң футболшыларымыз жақсы демалып келді. Дұрыс айтасыз бұған дейінгі футбол матчтарында біраз ойыншыларымыз өкінішке қарай жарақат алған болатын. Бірақ, бірқатары шүкір жазылды. Шəкірттеріміз бүгінде толыққанды жаттығуларын жасауда.

- Жуырда командаға қандай жаңадан ойыншылар қосылды?

- Жақында Солтүстік Македонияның ойыншысы Самир Фазли деген шабуылшы құрамаға қосылды. Ол құрама жігіттеріне жаңаша серпін береді деген ойдамыз. Шəкірттеріміздің жеңіске жетулеріне сонымен қатар қырғызстандық танымал футболшы Тамирлан Қозыбаев та көмектесетін болады. Жуырда Тамирлан, Фархад екеуі Қырғызстанның жолдастық кездесуіне кетті.

Мұнан соң тағы жаңалығымыз, "Қайрат" футбол командасының түлегі Павел Кривенцев те командамызға шақырту алды. Ол бұған дейін «Шахтер» командасында тəжірибесін арттырған болатын. Осылайша, тұрандықтар жаңа ойыншылармен толығып, жауапты кездесулерге тас түйін болып дайындық жасаудамыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер