«Барселонада» Мессидің 10-нөмірін кім алатыны белгілі болды

«Барселонада» Мессидің 10-нөмірін кім алатыны белгілі болды

«Барселона» сапынан Лионель Месси кеткеннен кейін командада 10-нөмірмен кім ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа маусымнан бастап каталониялық клубтың 10-нөмірлі жейдесімен Ансу Фати өнер көрсетеді. Фати - «Барселона» академиясының түлегі. 

Футболшы жарақат алып, былтырғы қарашадан бері ойнаған жоқ. 

Ла Лига ережесі бойынша 1-ден 25-ке дейінгі барлық нөмірде футболшылар ойнауы қажет. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или