«Әдемі голым ба? Ешкімге керек емес». Яремчук Қазақстанға қарсы матч туралы

«Әдемі голым ба? Ешкімге керек емес». Яремчук Қазақстанға қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2:2 есебімен аяқталып, Яремчук әдемі гол соқты.

«Нәтиже маңызды еді, сондықтан ойын сәтсіз болды, себебі ұпай жоғалттық. Бәрі көрген шығар, не айтайын. Үш ұпай алу маңызды болатын. Іріктеу бітті ме? Білмеймін. Мұндай сөздер айтқым келмейді».

«Әдемі голым ба? Ешкімге керек емес. Мен гол соққанша үш ұпай алғанымыз жақсы еді. Сене алмадым, 93-минутта гол соқтық қой...», - деді Яремчук Футбол 1 эфирінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер