Бокс

Бокстан Қазақстан жастары Азия чемпионатынан оралды

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Дубайдан Алматыға ұшып келді. Әуежайда чемпиондарды туған-туысқандары, достары, БАҚ өкілдері және бокс жанкүйерлері күтіп алды.

«Біздің командада отансүйгіштік бірінші орында. Финалдық жекпе-жектер 30 тамызда, Конституция күні өткенін білесіздер. Шәкірттеріме - сендер Қазақстанның жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы орындағы мемлекет екенін білесіңдер ме? Осындай ұлан-байтақ жерді бізге батыр ата-бабаларымыз аманат етіп тапсырып кеткен, осыны әрқашан есте сақтап жүріңдер. Спорт арқылы елімізді дүниежүзіне танытуымыз керек - дедім. Намыстарын қайрап отырдым. Елнұр Сүйінбай Азияның үздік боксшысы атанды. Құрамадағы әр боксшы мұндай атаққа лайық еді негізі. Барлығының өнеріне көңілім толды» - деді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов өз сұхбатында.

Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин баптайтын ұлдар мен қыздар құрамалары Азия біріншілігінде жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Жігіттер 11 алтын, 2 күміс, 2 қола, қыздар 3 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленді. Барлығы 22 жүлде.

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Елнұр Сүйінбай чемпионаттың үздік боксшысы атанды.

Араб рингіндегі чемпиондар:

Санжар Ташкенбай

Нұрсұлтан Алтынбек

Әбдіғалы Әбдікерім

Ерасыл Ермек

Ернұр Сүйінбай

Абзал Серік

Бақберген Әлиасқаров

Темірлан Мұқатаев

Күміс жүлдегерлер:

Мәди Әміров

Даниял Сапарбай

Қола жүлдегерлер:

Арман Алматұлы

Дәурен Мамыр

Қыздар арасындағы Азия чемпиондары:

Милана Аюпова

Аида Сарибарова

Диана Мағауева

Күміс жүлдегерлер:

Айшагүл Елеубаева

Жұлдыз Шаяхметова

Гаухар Шайбекова

Дана Дидай

Қола жүлдегерлер:

Гүлназ Брибаева

Гүлнар Тұрапбай

Шахназ Исаева

Сонымен қатар, түнде Оңтүстік астанаға Аркадий Топаев басқаратын жасөспірімдер құрамасы елге ұшып келетінін хабарлаймыз.

Ұлдар мен қыздарды қоса есептегенде 26 салмақ дәрежесі бойынша өткен чемпионатта еліміздің былғары қолғап шеберлері 8 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлде еншіледі.

Жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздардың есімдері:

Дамир Байпақов

Төрехан Сабырхан

Адайбек Ниязбаев

Бақтияр Анарбаев

Күміс медаль иегерлері:

Кеңес Советов

Мохаммед Аттия-Хамед

Ердос Шәріпбек

Қола медаль иегерлері:

Айдар Қадірхан

Илья Калинин

Мадияр Тайпақов

Виктор Литвинов

Дәулет Төлемісов

Қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Виктория Байдукова

Ұлжан Сәрсенбек

Аружан Жанабаева

Үміт Әбілқайыр

Күміс медаль иегерлері:

Еңлік Бостыбаева

Томирис Мырзақұл

Әсем Таңатар

Әйгерім Қабдолда

Ажар Түркістанова

Шұғыла Рысбек

Қола медаль иегерлері:

Елянур Тұрғанова

Анита Адишева

Бақыт Сейдіш

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында боксшыларымыз сарапқа салынған 51 медальдің 47-сін жеңіп алғанын мақтанышпен айтамыз. Атап айтсақ оның 19 алтын, 15 күміс, 13 қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер