Игорь Свечников: Украина - әлсіз тұстары көрінбейтін ұйымшыл команда

Игорь Свечников: Украина - әлсіз тұстары көрінбейтін ұйымшыл команда

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Игорь Свечников Украинаға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?

- Украина - жақсы команда, олар Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Әлсіз тұстары көрінбейтін ұйымшыл команда деп айтуға болады. Бізді қиын матч күтіп тұр.

Олардың бас бапкері кезінде Украина жастар құрамасында жұмыс істеген. Ол негізгі команданы жаттықтыра алатынын дәлелдеді. Сондықтан мұны біз үшін артықшылық деп айтуға болмайды.

- Матчқа дайындық қалай жүріп жатыр?

- Жоспарланғандай. Оқу-жаттығу жиынына барлық ойыншылар бірдей келмеді. Қазір бүкіл команда алдағы қиын матчтарға дайындалуда. Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың бәрі ертеңгі ойынға дайын.

- Георгий Жуков ұлттық құрамаға не үшін шақыртылды?

- Бұл мықты чемпионатта ойнайтын және ойын тәжірибесі бар жартылай қорғаушы. Менің ойымша, ол Серікжан Мужиковті алмастыра алады.

- Бақтиер Зайнутдинов алдағы матчтарға қатыса ма?

- Ия, ол жарақат алғандықтан, ұзақ уақыт бойы алаңға шыға алмады. Бірақ қазір оны ешқандай жарақат мазаламайды. Ол қазір жаттығу жұмыстарына толық қатысып, бабына келуде. Тіпті ЦСКА да оны соңғы матчтарда сынап көрді.

- Бауыржан Исламханның жағдайы туралы не айтасыз?

- Біз Бауыржанды алдыңғы оқу-жаттығу жиынына шақырған едік. Онымен сөйлесіп, пікір алмастық. Ол ұлттық құрамадағы жігіттермен үнемі байланыста.

- Украинадан кейін Финляндия мен Босния құрамаларына қонаққа барамыз. Олар туралы не айта аласыз?

- Қазір біздің бар назарымыз алдағы қарсыласымызға бағытталған. Біз қазір тек Украинамен болатын матч туралы ойланудамыз.

- Талғат Байсуфинов коронавирус жұқтырды. Онымен қарым-қатынас қалай жүзеге асуда?

- Ол алдағы матчтарға командасын өзім бастап шықсам деп еді. Бірақ заң бәріне бірдей. Талғат Маруаұлы ертең тағы бір рет сынақ тапсырып көретін болады. Ол бізге телефон арқылы нұсқаулар береді және бейнеқоңырау арқылы жаттығу процесін толық бақылайды. Командада болып жатқанның барлығынан хабардар болып отыр.

- Неліктен Бауыржан Байтана ұлттық құрамаға шақыртылмады?

- Бұл өте мықты жартылай қорғаушы және ол кеңейтілген тізімге енді. Дегенмен, бабында тұрған, халықаралық тәжірибесі бар, жақында еурокубок матчтарында ойнаған ойыншылар бар. Біз Байтананы бақылауды жалғастырамыз. Команданың есігі барлық ойыншыға ашық.

- Щеткин ұлттық құрамаға неге келмеді?

- Біз оның клубымен әрдайым байланыстамыз, ол жарақат алды, сондықтан оның орнына Абат Айымбетов шақыртылды.

- Ертеңгі ойынға жанкүйерлердің қатысатынын ескерсек, қандай нәтижеге жетуді көздейсіздер? Недегенмен команда сырт алаңда бір ұрайға қол жеткізді ғой.

- Ия, ертеңгі ойында жанкүйерлердің көңілінен шығу үшін, әдемі футбол көрсетуге тырысамыз. Кез-келген оң нәтиже біз үшін тиімді болып саналады. Соңғы кездері олардың деңгейі әжептеуір көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0