Қазақстан мен Украинаның футбол федерациясы бірлесіп жұмыс істеуге келісті

Қазақстан мен Украинаның футбол федерациясы бірлесіп жұмыс істеуге келісті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков Нұр-Сұлтан қаласындағы «Футбол үйінде» Украина футбол федерациясының басшылығын қабылдады.

Қазақстан – Украина матчының алдында қос федерация басшылығы емен-жарқын кездесу өткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Украина футбол одағының президенті Андрей Павелко бастаған делегация құрамында УФФ Бас хатшысы Юрий Зописоцкий мен атақты футболшы Олег Протасов болды. Бас қосуға сонымен қатар ФИФА комиссары Вахтанг Бзикадзе де қатысты.

Қазақстан мен Украина тарапы екі елдің футбол мәселесіндегі ұқсастықтары мен алдағы уақыттағы даму стратегияларын талқылап, бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер