Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер Бішкекте өткен турнирде чемпион атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жас теннисшілер Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында ITF аясында өткен бесінше санаттағы (U-16) халықаралық турнирде чемпион атанды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Даниил Фелькер жекелей сында финалда осы доданың 1-ракеткасы, ирандық Каср Рахманимен күш сынасты.

Аса тартысты өтіп, үш сағатқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар арасында Әсем Шойбек жекелей сында финалда жарыстың бірінші ракеткасы, қырғызстандық Владислава Андреевскаяға 1:6, 0:6 есебімен есе жіберді.

Жұптық сында қазақстандықтар Елена Ким мен Стефания Шалахова үздік шықты. Олар шешуші бәсекеде тағы бір қазақстандық Яна Кузнецова мен ресейлік Ксения Логвинаны 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер