Талғат Байсуфинов коронавирус жұқтырды

Талғат Байсуфинов коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруаұлы Байсуфинов осыдан 2 күн бұрын ПТР сынағын тапсыру кезінде оң нәтиже алды.

Яғни, вирус жұқтырғаны расталды. Бас бапкердің осыған дейін тапсырған тесттерінде мұндай байқалмаған. 2 апта бұрын Талғат Маруаұлы вирус жұқтырып оқшаулануға мәжбүр болған еді. Одан кейінгі сынама нәтижелері бірде оң, бірде сол болып жатыр.

Айта кетуіміз керек, Талғат Маруаұлының денсаулығы бірқалыпты және жаттығу жұмыстарын онлайн жүргізіп те жатыр. Енді ертең тағы да сынақ тапсырып, денесінде вирустың не бар, не жоқ екенін анықтап алмақ, - деп жазды ҚФФ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер