Әлем футболы

Роналду АПЛ-да ең көп жалақы алатын футболшыға айналды

news-banner7
mobile-news-top

Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтед» клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Daily Mail басылымының мәліметінше, Роналду келісімшарт бойынша аптасына 480 мың еуро жалақы алады. Жылына шаққанда жалақысы 29,2 миллион еуро болады.

36 жастағы шабуылшы англиялық клубқа «Ювентустан» ауысып келді. Турниндік клубта ол 134 матчқа қатысып, 101 гол соқты және 22 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер