Ел чемпионатының үздік қорғаушысына Сейілда Байшақов атындағы жүлде беріледі

Ел чемпионатының үздік қорғаушысына Сейілда Байшақов атындағы жүлде беріледі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Сейілда Байшақов атында арнайы жүлде тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.

- 28 тамызда өткен ғасырда еліміздің үздік ойыншысы атанған Сейілда Икрамұлы Байшақов туған күнін атап өтеді. Атақты футбол ардагері 71 жасқа толды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Сейілда Икрамұлын төл мерекесімен құттықтай отырып, туған күн иесіне және оның жақындарына денсаулық пен амандық тілейді!

Байшақов ойыншы ретінде жамбылдық «Энергетик» пен алматылық «Қайрат», сондай-ақ КСРО құрамасында өнер көрсетіп, отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты. КСРО командасынының құрамында Сейілда Икрамұлы Венгрия мен Грекия құрамаларына қарсы екі матч өткізді.

Алматылық «Қайрат» сапында Байшақов 10 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп, команданың капитаны болды. Жалпы алғанда алматылық клубтың сапында 296 кездесу өткізіп, 11 голдың авторы атанды. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ол «Қайратта» жаттықтырушы болып жұмыс істеді, Қазақстанның футбол федерациясында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, федерацияның Вице-президенті және Президенті болды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өтіп жатқан маусымнан бастап жыл қорытындысы бойынша маусымның үздік қорғаушысына берілетін символикалық марапатқа Сейлідә Икрамұлының есімін бекітуге шешім қабылдады, - деп жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер