«Астана» ойыншысы Швецияның 21 дүркін чемпионының сапын толықтыруы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг швециялық «Мальме» клубына ауысады. Бұл туралы By.tribuna.com сайты хабарлады.

Макс Эбонг «Астана» сапында 2020 жылдың басынан бері өнер көрсетіп келеді. Оған Швецияның 21 дүркін чемпионы қызығушылық танытып отыр.

Эбонг Беларусь жастар құрамасы сапында 9 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Одан кейін Беларусь ұлттық құрамасына тұрақты шақырту алады. Жартылай қорғаушының «Астанамен» төрт жылдық келісімшарты бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер