Айбек Тлеужан «Тұран» ФК бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Айбек Тлеужан «Тұран» ФК бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» футбол клубының басшылығында өзгеріс болды. Бас директор міндетін атқарушы болып Айбек Тлеужан тағайындалды, деп жазады Prosports.kz түркістандық клубтың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Айбек Бауыржанұлы Англияда The university of Nottingham университетінде жоғары білім алған. Кәсіби мансабын Қазақстанда «ҚазТрансОйл» АҚ қатардағы қызметкер ретінде бастаған. Тәжірибе жинап, кәсіби біліктілігін көрсеткен соң «ҚТЖ» ҰК АҚ компаниясына ауысады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясында үшінші дәрежелі менеджер қызметінде жұмыс істеген.

2021 жылы ақпан айында «Түркістан Арена» стадионына басшылық қызметке шақырту алды.

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов командаға Айбек Тлеужанды таныстырды.

Жас маманның алдына клубтың ұйымдастырушылық және қаржылық қызметін ретке келтіру, сондай-ақ команданың спорттық жетістіктеріне әсер ету міндеті қойылды.

Айбек Тлеужан клуб жұмысын Еуропа футболының заманауи талаптарына сай қайта құруға шақырылды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер