Бокс

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: Ел қоржынына төрт қола жүлде түсті

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: Ел қоржынына төрт қола жүлде түсті
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына төрт қола жүлде түсті.

Дубайда (БАӘ) бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілік аясында жартылай финалдық бәсекелер өтіп, финалға шыққан спортшылар белгілі болды.

Жартылай финалда қарсыласына есе жіберген жас боксшылар Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Атап айтқанда, ұлдар арасында Қазақстан құрамасының спортшылары Арман Арманұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (80 келі), ал қыздар арасында Гүлнұр Тұрапбай (50 келі) мен Анар Тұсынбек (66 келі) құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегерлері атанды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер