ММА

Қазақстандық файтер АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер, жартылай орта салмақтағы Fury FC лигасының чемпионы Николай Веретенников DWCS турниріндегі алғашқы қарсыласын білді.

Ол 29 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін турнирде жеңіліп көрмеген колумбиялық Майкл Моралеске (11-0) қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, биыл мамырда Николай Веретенников бірінші раундта америкалық Энтони Айвиді жеңіп, Fury FC промоушенінің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды. Қазақстандық файтерді ММА әлемнің жетекші лигасы UFC-дің президенті Дана Уайт жеке құттықтап, оны жеңімпазы UFC-мен келісімшартқа ие болатын Dana White Contenders Series (DWCS) турнирлерінің біріне қатысуға шақырды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер