Теннис

Astana Open ATP 250 қатысушыларының тізімі жарияланды

Astana Open ATP 250 қатысушыларының тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

ATP 250 санатындағы Astana Open халықаралық беделді турнирінің негізгі турындағы ойыншылардың алдын ала тізімі жасалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Турнирде қазақстандық Александр Бублик, сонымен қатар: Кристиан Гарин (Чили, әлемнің 19-ракеткасы), Аслан Карацев (Ресей, әлемнің 24-ракеткасы), Филип Крайнович (Сербия, әлемнің 38-ракеткасы), Душан Лайович (Сербия, әлемнің 40-ракеткасы), былтырғы Astana Open чемпионы - Джон Милман (Аустралия, әлемнің 43-ракеткасы), Бенуа Пер (Франция, әлемнің 49-ракеткасы), Лоренцо Мусетти (Италия, әлемнің 58-ракеткасы), Маккензи МакДональд (АҚШ, әлемнің 60-ракеткасы) және т.б. теннисшілер бақ сынайды.

Жарыстың негізгі кезеңінде Бубликтен басқа ерлер құрамасының барлық мүшесі өнер көрсетеді: Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов. Біздің жас ойыншылар Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин сынды жас ойыншыларымыз ел біріншілігіне қатысып, Astana Open ATP 250 жарысының негізгі кезеңі мен квалификациясында ойнауға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, турнир 2021 жылдың 19-26 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер