«Шахтер» қорғаушысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

«Шахтер» қорғаушысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтердің» қорғаушысы Таир Нұрсейітов Еуро-2023 іріктеу матчтарына қатысу үшін Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы маусымда Нұрсейітов негізгі командада 20 матч өткізіп, бір нәтижелі пастыңі авторы атанған.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы Даниямен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталуы - елорда уақытымен 20:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер