Бокс

«Тактикалық тұрғыда мықты болды». Серік Теміржанов - Олимпиададағы қарсыласы туралы

«Тактикалық тұрғыда мықты болды». Серік Теміржанов - Олимпиададағы қарсыласы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадсына қатысып, 1/8 айналымда жеңіліп қалған еді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген ол қарсыласының тактикалық тұрғыдан мықты болғанын айтты.

«Сөз жоқ, Олимпиаданың қорытындысы қанатағаттандырмайды. Алға қойған мақсаттарымыз бен біздің шаршы алаңдағы көрсеткішіміз бір-біріне сай емес. Бұл спорт, алдын ала бірдеңе айту қиын. Алда қателіктермен үлкен жұмыс атқарамыз.

Қарсыласты зерттедік, стратегия құрдық. Әрқайсысына тактикалық жоспар жасадық. Мен америкалық Рэганды ұта алмадым. Тәжірибелі, жақсы боксшы. Тактикалық тұрғыда менен мықты болды. Әлі күнге дейін жекпе-жекті сараптап жатырмыз.

Әрі қарай не істеу керектігін бір күнде түсіну мүмкін емес. Бір анығы – алда күткен жұмыс көп. Шаршы алаңға бұрынғыдан да мықты болып оралу керек. Жеңіліс те тәжірибе. Әрі қарай жалғастырамыз», - деді Теміржанов.

Айта кетелік, боксшы Олимпиада ойындарында америкалық Дюк Рэганға жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер