Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе -жекке қашан шығатынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе -жекке қашан шығатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілісті білмейтін орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) instagram парақшасында рингке қай уақытта шығатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Құрметті жанкүйерлер! Команда демалыста екенін білесіздер. Демалыс елде сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса жыл соңына дейін 1 жекпе-жек өткіземіз. Келіссөздер басталып кетті!», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе -жегін 26 маусымда Лас -Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. 28 жастағы қазақстандық сегізінші раундтың соңында жекпе-жекті жалғастыруды бас тартқан американдық Роб Брунтты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер