Мейвезер мен Пакьяоның екінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін
Америкалық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы екінші кездесу мәселесі белгісіз болып тұр, деп хабарлайды Prosports.kz. Реванш 19 қыркүйекте Лас-Вегастағы «Сфера» аренасында өтуі керек болған. Алайда дәл осы күндері концерттік бағдарлама жоспарланғандықтан, арена бос болмайтыны белгілі болды. Бұдан бөлек, тараптар арасында жекпе-жектің мәртебесіне қатысты да келіспеушілік бар. Флойд Мейвезер кездесуді көрме жекпе-жегі форматында өткізгісі келеді. Ал Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек ресми кәсіби кездесу ретінде тіркелуін талап етіп отыр. Еске салсақ, екі боксшы алғаш рет 2015 жылы шаршы алаңда кездескен. Сол айқаста Флойд Мейвезер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или