Қазақстандық боксшы ширек финалда жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы ширек финалда жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Лашын Дәулетжан Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық спортшы өзбекстандық Маржона Худайбердиевамен кездесті. Жекпе-жек толық раундқа созылып, төрешілер шешімімен алаң иесіне 4:1 есебімен жеңіс берілді.

Осылайша, Лашын Дәулетжан турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Азия чемпионаты Ташкент қаласында өтіп жатыр. Додаға 21 мемлекеттен 460-тан астам спортшы қатысуда. Турнир World Boxing ұйымы құрған Asian Boxing қауымдастығының аясында ұйымдастырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или