Мексикалық боксшы Хайме Мунгия АҚШ-та отандасын жеңді
Танымал мексикалық боксшы Хайме Мунгия (45-2, 35 КО) бүгін таңертең (Қазақстан уақыты бойынша) АҚШ-тың Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да отандасы Хосе Ресендизбен (16-2, 11 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек аяғына дейін созылып, төрешілер шешімімен Мунгияның (117-111, 119-109 және 120-108) пайдасына аяқталды.
Хайме кәсіби рингтегі 46-шы жеңісін тіркеді, ал Ресендиз мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или