Эдди Хирн Головкин – «Канело» трилогиясы биыл өтпейтінін айтты

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жегі жайлы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Ол бұл туралы DAZN Boxing Show эфирінде мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, бұл жекпе-жек жақын арада ұйымдастырылмайтын секілді.
«Бір-екі аптадан кейін қыркүйек келеді. Демек биыл өтпейді», – деп қысқаша жауап берді Хирн Головкин – «Канело» трилогиясы туралы сұраққа.
«Қазір Геннадийдің бар ойы желтоқсанда Риота Муратамен өтетін жекпе-жекте», – деді промоутер