Теннис

Елена Рыбакина: «Финалға шығу үшін бар күшімді саламын»

Елена Рыбакина: «Финалға шығу үшін бар күшімді саламын»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалында испаниялық Гарбинье Мугурусаны жеңгеннен кейін Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді

«Испандық теннисшіге қарсы ойнау жеңіл соқпайтынын басынан білдім. Сондықтан, алғашқы минуттардан бастап көп күш жұмсамауға, қарсыластың көп қателесуіне және сол қателіктерді ұтымды пайдалануға тырыстым»,- дейді қазақстандық тенисші.

Ол жартылай финалда қарсылас атанған Белинда Бенчичпен бұрын ойнамағанын айтты.

«Швейцариялық теннисшімен бұрын жаттығу өткізгеніміз болмаса, бір-бірімізге қарсы ойнамағанбыз. Бірақ, мен финалға шығу үшін бар күшімді саламын», - дейді Рыбакина.

Қазақстандық теннисші Олимпиадада ауа райының ыстықтығы және жел көп кедергі келтіріп жатқанын да тілге тиек етті.

«Бүгін, біз, кортқа шыққанда, күнның ыстығы қайтқан еді. Сондықтан, басқа ойындарға қарағанда жеңілдеу болды. Бірақ, жел матч бойы кедергі келтірді», - деді отандасымыз.

Айта кетейік, Қазақстанның теннисші әлемнің тоғызыншы ракеткасы – Гарбинье Мугурусаны 7: 5, 6: 1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда ол әлемнің 12-ракеткасы Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

Швейцариялық бүгін ресейлік Анастасия Павлюченкован – 6:0, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

фото: Владислав Семенов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер